Алик Айдарбаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» компаниясының бас директоры: Қолымнан келмейтiн iске уәде бермеймiн Ақпараттық-құқықтық сайт Алик Айдарбаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» компаниясының бас директоры: Қолымнан келмейтiн iске уәде бермеймiн Бүгiнде әлемнiң төрт көзi Жаңаөзенге тiгiлген шақ.
Ол жердегi басшының да, мұнайшының да әр қадамы қоғам бақылауына iлiнген.
«Жас Алаштың» назары әрдайым осы жақта.
Бұл жолы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» акционерлiк қоғамының бас директоры Алик АЙДАРБАЕВТЫ ашық әңгiмеге шақырдық.
Керiсiнше, «жасыратын ештеңем жоқ, бәлкiм, өндiрiстi бiрге аралармыз» деген ұсыныс бiлдiрдi.
Ереуiл басылды дегенмен, көңiлдерi орныққан мұнайшы көрiнбейдi.
Бiлiктi басшы оны да жасырмады.
ҚАРАЖАНБАСТА Сапарды Қаражанбас кенiшiнен бастағанды жөн көрдiк.
Оның себебi де жоқ емес едi.
Жалақыларына риза болмай, оны көтерудi әу баста талап еткен де осы кенiштiң мұнайшылары-тұғын.
Кейiн оларға бейiлдестiк танытқан «Өзенмұнайгаз» бен «Қаражанбас» компаниясының ереуiлдеген мұнайшылары жұмыстарына кiрiскенiмен, осы кенiштiң ондаған адамы әлi де талаптарынан бас тартқан жоқ.
Оны да бiлгiмiз келген.
Қаржанбасқа келгенде қас қарайды.
Жаңадан салынған вахталық кешендердiң бiрiне жайғастық.
Еске сала кетсек, бұған дейiн мыңнан аса адамды жұмыспен қамтитын көлiктердi жөндейтiн соңғы үлгiдегi техникамен жабдықталған кәсiпорыннан өзге Қаражанбаста 400 орындық және Қаламқас кенiшiнде 200 орындық вахталық қалашықтың тұрғызылатыны туралы Айдарбаевтың өзi талай астын сыза айтқан едi.
Жанға жайлы бөлмелер мен таза жуынатын орындары замануи жабдықтармен жабдықталыпты.
Алик Серiкұлы бiзбен бiрге кешкi ас iшiп, жұмысшылар ауқатының сапасымен танысты.
Көз ала бердi әрекетi болар деп ойлағам iштей.
Өзiнiң қарапайымдылығын көрсеткiсi келген шығар.
«Жоқ, — дестi мұнайшылар, — өткен желтоқсаннан соң ба, басшымыз скачать инструкцию на русском языке для digidesign 003 factory жиi келедi.
Онысын бiз де тәуiр көремiз.
Солай болуы тиiс те ғой.
Ол келген сайын проблемаларымызды айтамыз, олар шешiлiп те жатыр».
Кешкi асқа жиналған мұнайшы қауымы ас сапасына наразылық бiлдiрдi.
Жадына түйген басшы бiрден тиiстi адамдарға тапсырма берiп жатты.
Ертеңгi күн өндiрiстi аралап, мұнайшылармен кездесуден басталды.
Ренiшi тарқамаған мұнайшылар түсiнуi тиiс мәселелер де баршылық.
Соның бiрi жаңадан құрылып жатқан көлiк жөндеу мекемесi құрылысына өзiнiң болашақ жұмыс орыны ретiнде барынша қолғабыс жасау, iргетасын бiрге қаласу.
Содан соң жаңа еуропалық талаптарға сай жабдықталған жайлы жұмыс орнында су жаңа техникамен беймарал жұмыс бастау.
Бiткен iске сыншы көп.
Ал жаңадан iске асырыла бастаған дүниеге мiн тағушылардың iлегi одан да асып түсетiнi белгiлi.
Етектен тартатын тағы бiр мәселе — түрлi деңгейдегi басшылар мен мұнайшылардың ара қатынасы.
Яғни, цех бастығы, мастер дегендер де бас басына би болуды әлi күнге дейiн жөн санайтын көрiнедi.
Оған ширығуы басылмаған еңбекшi тап көнер емес.
Осындай бiр кикiлжiңнiң куәсi болдық.
Мұнайшы деген мамандығын қасиеттеген қаражанбастықтар кез келген қара жұмысты iстеуден бас тартқан.
«Бiз қара жұмысшы емеспiз.
Жер қазатын трактор тұрып, бiздi қолмен траншея қаздырмақ.
Бас директор қазылығын айтты.
Жұмысшы талабы орынды дедi.
Жылға жуық уақыт жұмыссыз жүрсе де талаптарын айтудан жалықпаған қаражанбастықтардың тағы бiр өтiнiшi — ұйыған ұжымды бiр-бiрiнен бөлмеу.
Ол талапты да ескеруге уәде берiлдi.
Яғни, жаңа өндiрiс iске қосылғанда олар да жаңа мамандыққа ие болады.
Қайта даярлау, оқытудан өтедi.
Ал мұнайшы болып қала бергiсi келетiндерi қалаған кенiштерiнен орын табады.
Айтылған сөз — атылған оқ.
Оның орындалуын бiз де қадағалайтын боламыз.
БОЯМАСЫЗ ӘҢГIМЕ Кеш бата вахталық поселкеге оралдық.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiрудiң» алдындағы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн, жағдайды оңалту үшiн атқарылатын iстер қайда әлi.
Ең бастысы, өзiңнiң күмәнiң мен күдiгiңдi, шаршағаныңды өзiңнiң қарауыңдағыларға, тiптi орынбасарларыңа да көрсетпеу керек.
Өйткенi олар басшы ретiнде саған қарайды, үлгi алады.
Бақылаушылар да жеткiлiктi: арасында ниеттестер де, iлiк iздеушiлер де бар.
Сондықтан ылғи да сергек болуға тура келедi.
Қандай жағдайда да дер кезiнде ұйықтауды және таңертеңгiлiк жаттығуды құр жiбермеуге тырысамын.
Сол үшiн көп ретте кейбiр маңызды, қызықты дүниелерден бас тартуға тура келедi.
Өзiм де, қарауымдағылар да басқа министрлiк қызметкерлерiндей түнгi сағат тоғызға дейiн кеңседе отырмайды.
Менiң бiр басты ұстанымым бар.
Ол — күндi ұтымды жоспарлау.
Аса маңызды мәселенi ғана бүгiнгi күннiң шешiмiне қалдыру және оны орындау.
Бiрсыпыра кездесулерден бас тартуға тура келедi.
Оған ренжитiндер де бар.
Көп нәрсеге үлгеру үшiн осылайша кейде өзiңдi шектейсiң.
Бiр жағынан ұлттық компанияның топ менеджерлерiнiң еңбекшi тапқа тек желтоқсан оқиғасынан соң көңiл бөле бастағаны өкiнiштi-ақ, әрине.
Астанада аса маңызды мәселелер шешiлетiнi рас.
Онда бiр кездерi 400 адамнан тұратын қомақты штат бар едi.
Оны 25 пайызға қысқарттық, 300 адам қалды.
Оның өзiн тағы 50-60 адамға қысқарту жоспарда бар.
Бiздiң астаналық кеңсемiз жылжымалы болуы керек.
Ұжымды басқару саясаты түбiрiнен өзгердi.
Менiң орынбасарларым — Абат Нұрсейiтов, пен Бақытжан Өтеғалиев, активтердi басқару жөнiндегi директор Дәулетжан Хасанов, қызметкерлердi дамыту және басқару скачать инструкцию на русском языке для digidesign 003 factory басқарушы директор Ботагөз Әшiрбекова, әлеуметтiк саясат департаментiнiң директоры Бақыт Иманғалиев үнемi осында.
Кәсiпорындардағы жағдайды тұрақты түрде мониторингтен өткiзедi.
Проблема болды ма, дереу шешедi, қолдарынан келмесе бiздiң алдымызға қояды.
Мұнда маған 20-30 адам көмектеседi.
Құрылымда көп нәрсе өзгердi.
Қазаннан бастап ӨМГ мен ЕМГ қайта бөлек акционерлiк қоғам атанды.
Оның өзi оңайға түскен жоқ.
Өйткенi олардың жеке акционерлiк қоғам болуына келiспейтiндер де жеткiлiктi едi.
Бiз бiр орталықтан басқаруды бастан өткердiк.
Ең бастысы, ол неге алып келдi?
Қызмет бабын асыра пайдаланушылық пен шектен шығудың нәтижесi көз алдарыңызда.
Әрине, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» бас акционер ретiнде бақылауды уыстан шығармайды.
Себебi бүгiнде көп проблеманы дереу сабырлылықпен әрi дұрыс шеше алатын басшылар жоқтың қасы, оларды қайта тәрбиелеуге тура келедi.
Мәселенiң тағы бiр ұшы — сатып алуларда.
Көп ретте тендер мәселесi өндiрiстен де маңызды саналып келгенiн жоққа шығара алмаймын.
Ал филиалдар бұл процестердiң бiрiне де қатыспады, оған құқы да болған жоқ.
Мәселен, құны 33 млн.
Немесе 72 мың долларға Кореядан алынған иiлгiш тұрбалар.
Ал жалақыға келгенде қаражат жоқ.
Iсiне мығым қожайынның қоры болуы керек.
Ал мына айтып отырған керексiз заттардың қомақты сомаға алынып, қоймада жатуының себебi кезiндегi дұрыс жасалмаған бизнес процестердiң салдары.
Компаниядағы тұтас сатып алуға, тендерге қатысты кеткен қателiктер.
Оны «Қаражанбас» АҚ сатып алу департаментiнiң жаңа басшысы Дастан Жарқынбеков реттейтiн болады.
Жұмысшылар оны көтерудi әлi талап етiп отыр.
Олай болса, мәселенi шешiлдi деп қалай айтуға болады?
Олар ендi жалақыларын «Өзенмұнайгазбен» деңгейлестiрудi талап етiп отыр.
Жалпы жалақыны өсiру туралы талап заңды естiледi тыңдаған құлаққа.
Сондықтан да олар аудандық коэффициент, аймақтық коэффициент тәрiздi бүгiнде жеке мәнi жоқ, бiрақ Еңбек кодексiне сай жалақы iшiне есептелiп кеткен сауалдарды көтередi.
Оны талап қоюшылардың өздерi де жақсы түсiнедi.
Түптеп келгенде, әңгiме коэффицент емес, жалақыны көтеру туралы.
Қазiр олар «Өзенмұнайгазбен» салыстырғанда шамамен 15% кем алады.
Оны теңестiру де уақыт еншiсiнде.
Дегенмен, мынаны ескеруiмiз керек.
Жалақы деңгейi көтерiлуiне өндiру көлемi, кәсiпорын экономикасы деңгейi де айтарлықтай әсер етедi.
Олар алатын жалақыларын аз санайды.
Бiр жағынан түсiнiктi де.
Өйткенi жалақы ешуақытта көптiк етпеген.
Бiрақ кез келген мекеме жұмысшысы тек жалақы туралы ойлайтын болса, онда өндiрiстiң өркендеуi туралы әңгiме далада қалмай ма?
Расын айтқанда ол өз мүддесiн кәсiпорын мүддесiне қарсы қояды.
Бiр жағынан алғанда, бұл — тұтас бiр басшылықтың кiнәсi.
Оны кәсiпорын мүддесiн бiрлесiп ойлауға ешкiм тартқан жоқ.
Бүгiнгi ортақ тақырыбымыз осыған тiреледi.
Туған кәсiпорын, ұрпақ сабақтастығы деген идеология бұрыннан бар.
Оны ешкiм алып тастаған емес.
Өкiнiштiсi сол, оған ешкiм дер кезiнде түбiрлi мәселе ретiнде мән бермеген.
Бұл жайды батыс экономикасы әлдеқашан басынан кешiрдi.
Бiз ендi келе жатырмыз еңбек пен капитал дауына.
Мұны «Жаңаөзеннiң сабағы» немесе басшы ретiндегi кредоңыз деп түсiнгенiмiз жөн бе?
Әке тәрбиесiн көрмегендiктен аса көп артықшылықтарға қолым жете қойған жоқ.
Әлдебiр бастықтың, әкiмнiң немесе танымал мұнайшының баласы болмаған соң да, жылы-жұмсақтың ауылы менен алыс едi.
Бұған дейiн Қызылордада тұрдым, вахталық әдiспен жұмыс iстедiм.
Қай кезде болмасын жұмысшылармен бiрге асханада тамақтандым.
Себебi мен олардың жан дүниесiн терең түсiнемiн.
Өзiмдi ұжымнан бөлгiм келмейдi.
Сондықтан кредо деп түсiнгенiңiз абзал.
Қаражанбастағы жағдай мұнайшылардың күмәнiнен хабар бергендей.
Әрине, айтылған уәделердiң орындалатынына күмәнмен қарайтындардың барлығын жоққа шығармаймын.
Дегенмен, қазiр «Ембiмұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» кеудесiн кере түстi.
Ондағы басшылар жұмыстарының жанданып келе жатқанын көрiп отыр.
Бұл оларға күш бередi.
Жүзеге асып жатқан заттарға қатысты қолдауды естiп те, көрiп те келемiн.
Биыл бiз Маңғыстау облысы бойынша екi мекеменi құруға 20 млрд.
Маңғыстаудағы Қарақияқ ауданы мен Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк инфрақұрылымдарын дамыту үшiн 900 млн.
Атырау облысына әлеуметтiк инфрақұрылымдар үшiн 6,6 млрд.
Бiрақ бiреуге артар өкпем жоқ.
Өзiңiз көрдiңiз ғой, цех бастығы жұмысшылар жұмыс iстегiсi келмейдi деп шағым түсiрдi.
Ал жiлiктеп келгенде, мұнайшылар техника атқаратын мәнсiз iстi қолмен жасағысы келмеген.
Бұл, әрине, сол жердегi басшының бiлiксiздiгi.
Әлi күнгi ескi түсiнiк жойылмай келедi.
Қолына сәл билiк тигенi өз бетiнше адамдарға бұйырғысы, ықпал еткiсi келедi.
Ал мұнайшылар бiз одан жоғары жұмысқа лайықтымыз деп талап қойған.
Олармен жұмыс iстеуге болады, түсiнiсуге де болады.
Менiң де өндiрiстегi тәжiрибем жеткiлiктi.
Әрине, қазiр жағдай сәл шашыраңқы.
Жұмыс барысында кiм кiмге бағынышты екенi белгiсiздеу.
Бiрақ ертең жаңа кәсiпорын iске кiрiсiп, әркiмнiң мiндетi айқындалғанда, әңгiме басқаша болады.
Оны мұнайшылардың өздерi де түсiнедi.
Бүгiнгi кәсiподақтар не тындырып жатыр?
Оларға бостандық берiлген бе, жоқ әлде мұнайшылар құқын сiздермен «ақылдасып» қорғай ма?
Мәселен, жаңадан құрылған Технологиялық көлiк және ұңғымаларға қызмет көрсету ЖШС кәсiподағы ұйымы жетекшiсi болып Сұлтанғали Есбай сайланды.
Бiз бiрiгiп жұмыс iстеп жатырмыз.
Ол мәселе қалай реттелмек?
Жаңадан құрылған мекемеге мыңнан аса жұмысшыны қайта қабылдадық.
Кейбiр ондаған адам бiздiң керi шақыруымызды тыңдамады.
Жалақы төленетiнiн, жаңа кәсiпорын жұмысы басталғанда жұмысқа шығатындарын айттық.
«Әдiлдiкке қол жеткiзу үшiн тұра беремiз» дедi.
Бiз оларға «егер өзiңiздi заңсыз жұмыстан шығарылдым деп санасаңыз, апелляциялық шағым түсiрiңiз, бiз қолдайық» дедiк.
Бiрақ олар «жоқ, соңына дейiн тұрамыз» деп, райынан қайтар емес.
Егер олар кездесуге ниеттенсе, мен ерiнбеймiн, әңгiмелесуге дайынмын.
Жұмысқа сұранса, қабылдаудан бас тартпаймыз.
Басқа уәде бере алмаймын.
Қызметкерлердi оқытуға көп көңiл бөлемiз.
Мамандарымыз Францияға оқуға барып келдi, Бакуге кеттi.
Өзiмiзде үлкен тренингтiк орталықтар салу жоспарымызда бар.
Мұнайшыларды, барлық деңгейдегi жетекшiлердi үнемi оқытпай, бәрi бос әурешiлiк болмақ.
Одан ақша аяудың қажетi жоқ.
Бұрын да мұндай оқулар болған, әрине.
Өкiнiшке қарай, формальды түрде ғана.
Қазiр Өзенде басшылар, мастерлер, цех бастықтары арасында тимбилдингтер өте бастады.
Олар басшылықтың өздерiне көңiл аударғанын, өздерiмен жұмыс iстеуге ынталы екенiн көрiп отыр.
Көптеген мұнайшылар реабилитациядан өттi.
Сөйтсе де, «мұның бәрi көзбояушылық, ертең Айдарбаев кетедi» дегендi айтатындар да бар.
Менiң мақсатым — әр кiсiнiң өзiне жүктелеген мiндеттi атқаруына қол жеткiзу.
Ұсынысым да қарапайым: «Жiгiттер, келiңдер, бiрiгiп жұмыс iстейiк елiмiз үшiн, мемлекетiмiздiң болашағы үшiн мұнай өндiрудi ұлғайтайық».
Әлеуметтiк саясат та жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартумен тiкелей байланысты.
Жалпы, бiздiң салып жатқан кәсiпорындарымыз қандай!
Алып жатқан қондырғыларымыздың Қазақстанда теңдесi жоқ.
Осыншама қысқа мерзiм iшiнде заманауи сервистiк кәсiпорын құру бұрын-соңды болмаған.
Кеудемдi босқа соққаным емес, расы осы.
Салынып бiткенде, ол әлi бәрiне үлгi болады.
Жуырда әдейi ҚМГ БӨ директорлар кеңесiнiң кезектi отырысын Өзенде өткiздiк.
Барлық ҚМГ топ менеджерлерi, тәуелсiз шетелдiк директорлар таңғалды.
Шынымды айтсам, арманым — бульдозермен ескiнiң бәрiн күреп тастап, оның орнына осындай заманауи мекемелер тұрғызу.
Оны орындайтынымызға шек келтiрмеймiн.
Осыдан 1,5 ай шамасында бiздiң рыноктағы 40% акциямыздың иегерлерiн, шетелдiк инвесторларды шақырдық Өзенге.
Батыс компаниясы деген атпен iс жүзiнде қандай артта қалған кеңестiк кезеңнiң қалдықтарымен жұмыс iстеп жатқанын көрсету болатын мақсатымыз.
Өйткенi олар акционер болған соң неге өнiм өндiру көлемi артпайды деп сауалды жиi қояды.
Олар бастарын ұстап, бiздi қаншама жыл алдап келген дестi.
Бiз оларға жасалып жатқан жұмыстар, миллиардтаған шығындар туралы айттық.
Себебi олар — адал инвесторлар.
Олар үшiн бiздегiдей қандай жолмен болсын ақша табу мақсат емес.
Олар үшiн еңбек және қоршаған орта қауiпсiздiгiн сақтай отырып, таза табыс табу пайдадан да жоғары орында.
Шетелдiк инвесторлар «дұрыс, қалай iстесеңiз де, лайықты кәсiпорын құрыңыз» дедi.
Сол себептi қазiр күрделi шығындар көлемi артып отыр.
Мәселен, «Ембiмұнайгаз» АҚ Прорва кенiшiнен шығатын iлеспе газды күкiрттен тазартып, контейнерлермен тасымалдауға мүмкiндiк беретiн инновациялық бағдарлама жүзеге асырылатын болады.
Прова-Теңiз мұнайқұбыры жөндеуден өттi.
Ақкiнген-Аққұдық-Қисымбай кенiштерiнде ұзындығы 61 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры салынды.
Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы кенiштер арасындағы жолдар жөндеуден өтiп жатыр.
«Өзенмұнайгаз» АҚ екi учаскесiндегi салынып жатқан кәсiпорындар, ұңғымаларды жабатын сұйық дайындау, жерасты жабдықтарын, мұнай жабдықтарын жөндеу цехтары — 1000 шақты көлiктi бiр мезетте жөндейтiн цехтар — бұл жобалардың барлығына 100 млрд.
Мұның бәрiне маған кiм рұқсат етiп отыр дейсiз ғой.
Бiздiң үстiмiзден де қарайтын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар.
Қандай екенiн бiлгiңiз келе ме?
«Егер бұл бюджетпен келiскiлерiңiз келмесе, «Барлау Өндiрудi» өз қолдарыңызға алыңыздар.
Мұнайшыларға барып бұлай ету керек емес деп түсiндiрiңiздер» деймiн.
Өйткенi мен мұнайшыларға сөз бердiм, оны орындауға тиiстiмiн.
Қолымнан келмесе, орнымды босатуым керек қой.
Осы жерде мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Ләззат Қиыновтың үлкен қолдауын баса айтқым келедi.
Өзi мұнайшы болған Қиынов мырзаға мұны терең түсiндiрудiң мүлде қажетi жоқ.
Бұл бiз үшiн ерекше демеу.
Бiрақ олардың биыл тағы қыстайтын түрi бар.
Атырау облысының бұрынғы әкiмi басында қаражаттың алдымен жартысын ғана бөлудi сұраған, соны игерген соң, қалғанын бөлерсiздер деген.
Жаңа әкiм ақшаны толық бөлудi сұрады.
Бiз қосымша келiсiмшарт жасасып, барлық 5,4 млрд.
Ендi Атырау облыстық әкiмдiгi тұрғын үй қорын тексеру туралы әңгiменi көлденең тартып отыр.
Судың да сұрауы бар, ақша бөлдiк деп сырт қалмаймыз.
Қаражаттың игерiлуi мен мерзiмi бақылауда болады.
Себебi бiзге дүйiм ел қарап отыр.
Байшонас маған жат мекен емес.
Бiр кездерi сол ауылда өндiрiстiк тәжiрибеден өткенмiн.
Сондықтан Байшонас тағдырына бейжай қарай алмаймын.
Ол — бiздiң мұнайшыларымыздың ауылы.
Оларды елеусiз қалдырады деген ой тумасын.
Әңгiмелескен — Сәния ТОЙКЕН.
Атырау — Ақтау — Қаражанбас — Ақтау.